Аспан асты, жер үсті 0 пікір 3052 лайк

220 гектарға жылыжай кешенi салынады

Ақпан 09 / 2019

Түркістан облысы, Кентау қаласына қарасты Қотырбұлақ елді мекенінде 2020 жылы құны 500 млн. АҚШ долларын құрайтын жоғары технологиялы өндірістік жылыжай кешені іске қосылады. Ол үшін 245 гектар жер телімі бөлінді. Оның 220 гектары жылыжай кешені болса, ал, 25 гектарға дайын өнімді сақтайтын заманауи нысан салынбақ. Жобаны толығымен түркиялық Dal Holding Investment Cо., Ltd компаниясы жүзеге асырады. Бизнес-жобаға сәйкес, жылыжай кешенінде қияр, қызанақ пен болгар бұрышы өсіріледі.

Жоба іске қосылған соң жылыжайдан 20 мың тонна өнім алу жоспарланып отыр. Ал, толық күшіне енген соң өнім көлемін 40-60 мың тоннаға дейін ұлғайтуға болады. Заманауи жылыжай кешенінде 3 мың адам жұмыспен қамтылмақ.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Бұл материалмен бөлісіңіз

Бұл материалда пікір жоқ