Аспан асты, жер үсті 0 пікір 0 лайк

Қайғыны бөлiссең, азаяды

Ақпан 09 / 2019

 

Жуырда Астана қаласында болған қайғылы оқиға бүкіл елдің көкірегін қарс айырды. Қалың көпшілік 5 қызынан айырылған отбасының қайғысын бөлісіп, көмек қолын созуда. Түркістан облысы әкімінің аппараты мен басқарма қызметкерлері де Ситерлер отбасына бір күндік жалақыларын аударды.

 

Өңір басшысы Жансейіт Түймебаев бұл орны толмас ауыр қаза екеніне тоқталып, бес бірдей перзентінен қапияда көз жазып қалған ата-анаға қайғыларына ортақтасатынын жеткізді.

* * *

Облыстық «Оңтүстік Қазақстан» газеті редакциясының ұжымы да қара жамылған отбасының қайғысына ортақтасып, қасиетті жұма күні қайырымдылық көмек ретінде өздерінің бір күндік жалақыларын аударды.

Бұл материалмен бөлісіңіз

Бұл материалда пікір жоқ