Аспан асты, жер үсті 0 пікір 0 лайк

Жерлестерiмiздi елордалық дәрiгерлер емдедi

Ақпан 09 / 2019

 

Статистика мәліметтеріне сүйенсек, Қазақстандағы ауру-сырқаудан болатын өлім-жітімнің 60%-ы жүрек ауруларынан болады екен. Бұл қазақстандық дәрігерлерді ғана емес, бүкіл әлем дәрігерлерін де алаңдатып отырған жағдай. Еуропаның көптеген дамыған елдерінде бұл көрсеткіш өлімнің барлық жағдайларының 40 пайыздай шамасында.

 

Түркістан облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Мұқан Егізбаевтың бастамасымен ҚР Президенті іс басқармасы медициналық орталығы ауруханасының жоғары санаттағы дәрігерлері облыс тұрғындарын екі күн бойы қабылдады. Облыстың орталық емханасында Астанадағы аталмыш орталық ауруханасының көшпелі тобы нәтижелі жұмыс жүргізді. Қан қысымы, жүрек жетіспеушілігі дертіне шалдыққан науқастарды кардиолог Рауза Сұлтанова, аритмиолог Шалқар Смағұлов, кардиохирург Жеңіс Қозыбаев және травматолог Жетпіс Сүлейменов қабылдап, тиісті кеңестерін берді.

Осылайша аз уақыт ішінде жүзге жуық түркістандық тұрғын елордадан арнайы келген білікті мамандардан кеңес алып үлгерді. Олардың арасында ем-домын ҚР Президенті іс басқармасы медициналық орталығының ауруханасында жалғастыратын және жергілікті ауруханада ота жасатуға мүмкіндік алғандар да бар. Науқастар астаналық білікті дәрігерлердің кәсіби шеберліктеріне риза болып, жүрекжарды лебіздерін білдірді.

«Оңтүстік»-ақпарат.

Бұл материалмен бөлісіңіз

Бұл материалда пікір жоқ