Аспан асты, жер үсті 0 пікір 0 лайк

Жазаламас бұрын әдiстемелiк көмек көрсетедi

Ақпан 09 / 2019

 

Қайрат ЗАЙНИШЕВ, «Ońtústik Qazaqstan».

Білім саласындағы бақылау департаментінің мамандары бұдан былай білім беру мекемелеріне профилактикалық бақылау жүргізеді. Тексеріп барса, жұмыс барысын түсіндіріп, әдістемелік көмек көрсетеді. Бұл туралы Түркістан қаласында өткен семинар барысында ҚР Білім және ғылым министрлігі Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің білім саласындағы бақылау басқармасының басшысы Артур Еділханов айтып өтті.

 

– Елбасының тапсырмасымен мемлекеттік бақылау саласына көптеген өзгерістер енгізілді. Білім және ғылым министрлігінің бақылау комитеті республика көлемінде білім беру ұйымдарына бақылау шараларын жүргізеді. Осыған қарай білім туралы заңнама талаптарының сақталуы, білім процесіндегі оқу тәрбие үдерісінің дұрыс ұйымдастырылуын қадағалаймыз. Оқу семинарының басты мақсаты – бақылау департаментінің қызметкерлері профилактикалық бақылауға барғанда заң талабын сұрамастан бұрын, өзі сол талаптарды жақсы білуі тиіс, – деді Артур Жауханұлы.

Түркістан қаласында өткен семинарға облыстық департамент қызметкерлерімен бірге Шымкент, Қызылорда қалаларында қызмет атқаратын сала мамандары да келіп қатысты. Өзге өңірлердегі департамент өкілдері семинарды интернет жүйесі арқылы тікелей эфирден тамашалады.

Салада болып жатқан өзгерістерді кең көлемде түсіндірген спикер жаңадан жасақталған әдістемелік нұсқамалармен де таныстырды.

Бұл материалмен бөлісіңіз

Бұл материалда пікір жоқ