Жасөспiрiмдер жүлдемен оралды

Ақпан 07 / 2019

 

Жақында Шымкент қаласындағы Л.Тәжиева атындағы №4 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде тоғызқұмалақтан ашық біріншілік өтіп, оған Бәйдібек ауданынан 8-13 жас аралығындағы бірнеше үміткер қатысты.

 

Ұлттық ойын бәсекесінде ауданымыздың намысын қорғаған М.Әуезов атындағы жалпы орта мектебінің оқушылары Үрмия Қарақұл 1-орынды, Нұрсая Ұстазхан 2-орынды, Серік Марат 3-орынды иеленді. Сонымен бірге, Шыбыт ауылындағы Ы.Алтынсарин атындағы жалпы орта мектеп оқушысы Абдуллаһ Құдайберген 2-орынды, «Жүзімдік» жалпы орта мектебінің оқушылары Арай Пархатқызы 2-орынды, Бақберген Пархатұлы 3-орынды жеңіп алды. Жеңімпаз жас спортшылар арнайы мақтау қағаздарымен марапатталды.

Қалабай ҚАСҚАТАЙ, Бәйдібек аудандық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің жаттықтырушысы.

Бұл материалмен бөлісіңіз

Бұл материалда пікір жоқ