Руханият 0 пікір 3013 лайк

Мәдениет жаңалықтары

Ақпан 07 / 2019

Түркістан облыстық тарихи-өлкетану музейінің «Ерлік» филиалында «Ұлтжандылық Шерхан Мұртазадан жұққан» атты сырласу сағаты болды. Басқосуға энергетика саласына еңбек сіңірген атпал азамат, меценат Пердебай Сәбитов қонақ болып, өңір зиялылары мен кеш иесінің жақындары ол жайлы естеліктерін айтты.

* * *

Шымкент қалалық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтарға арналған арнайы кітапханада жазушы-журналист, тарихшы, педагог Сейіт Кенжеахметұлының 80 жылдығына орай «Көркем сөз, көркем ойды кестелеген» атты іс-шара өтті. Шара барысында оқырмандар өз отбасыларындағы ұстанатын салт-дәстүрлері жайлы айтып, арнайы ұйымдастырылған кітап көрмесін тамашалады.

* * *

Түркістан қаласындағы «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінде халықаралық зергерлер күні қарсаңында «Зергердің қолы алтын» көрмесі ашылды. Көрмеге музей қорындағы ХIХ-ХХ ғасырларға тән әшекейлер мен зергерлік бұйымдар, түрлі қолөнер туындыларынан құралған 100-ден аса жәдігер қойылды.

* * *

Шымкент қалалық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтарға арналған арнайы кітапханада суретші Ә.Қастеевтің 115 жылдығына орай «Ұлы суретші дарыны» атты сурет көрмесі өтті. Оған суретшінің «Тігін үстінде», «Мектепке», «Колхоз тойы», «Түркісіб» секілді кең тынысты туындылары мен «Амангелді Иманов» портреті қойылды.

* * *

Отырарда «Жас толқын – Ұлы Дала әні – 2019» аймақтық эстрада әншілерінің байқауы басталды. Аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен өткен сайысқа 13 үміткер қатысып, жеңімпаздар облыстық байқауға жолдама алды.

Бұл материалмен бөлісіңіз

Бұл материалда пікір жоқ