Заң-заман 0 пікір 2927 лайк

«Мигрант» нәтиже бере бастады

Қаңтар 28 / 2019

 

Түркістанда «Мигрант» жедел алдын алу іс-шарасы қорытындыланды. Бес күндік шара кезінде Қазақстанға келу және белгіленген мерзім ішінде елде болу ережелерін сақтамаған 577 шетелдік пен ел азаматтары әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Оның 485-і өзге елдерден келгендер болса, 92-сі өзіміздің азаматтар.

 

Олардың 321-іне ескерту берілсе, 55-і айыппұл арқалап, 164 шетелдік әкімшілік қамауға алынды. Ал, жат елден келген 28 азамат сот шешімімен елден шығарылды. Сонымен қатар құжаты жоқ 24 адам полиция департаментінің қабылдау мекемелеріне орналастырылса, 180 шетелдік азаматтың Қазақстанда болу мерзімдері қысқартылды.

Қазақстанда болу ережесін бұзғандардың басым көпшілігі – Өзбекстан азаматтары. Олардың көбі заңсыз құрылыста, сауда орындарында жұмыс істегендер. Осыларды пайдаланып, заңсыз тұрғын үймен қамтамасыз еткені үшін Қазақстан Республикасының 25 азаматы әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Ал, елімізде заңсыз жүргендерді елден аластату туралы шыққан сот шешімдерін орындамаған 6 дерек анықталып, қылмыстық іс қозғалды.

Д.ЖҮСІП.

Бұл материалмен бөлісіңіз

Бұл материалда пікір жоқ