Экономика 0 пікір 2907 лайк

Ет экспорттаудан республикада көш бастадық!

Қаңтар 24 / 2019

 

Түркістан облысы экономикасының драйвері болып табылатын ауыл шаруашылығында өткен жылы жалпы өнім көлемі 544,3 млрд. теңгені құрап, 2017 жылмен салыстырғанда 5,3 пайызға артқан. Атап айтқанда, мал шаруашылығында ет өндірісі – 4,8, сүт – 2,8, жұмыртқа 8,1 пайызға артып отыр. Өңірде өткен жылы 9600 тонна ет Өзбекстан, Ресей, Иран, БАӘ елдеріне экспортталып, республикадағы үлесі 54 пайызға жетті. Нәтижесінде біздің өңір республика бойынша 1-орынды иеленді.

 

Сонымен қатар, егін шаруашылығында өткен жылы 286,3 млрд. теңгенің өнімі өндіріліп, 2017 жылмен салыстырғанда түскен табыс 6,5 пайызға артып отыр. 2018 жылы ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс көлемі 807,4 мың гектарды құрап, 2017 жылмен салыстырғанда 9 мың гектарға көбейген.

Былтыр ауа райының қолайсыз әрі қуаңшылық болғанына қарамастан диқандардың еселі еңбегінің арқасында масақты дәнді дақылдардың әр гектарынан 17,8 центнерден 405 мың тонна өнім алынды. Мақта дақылының гектар түсімділігі 25,7 центнерден айналып, барлығы 340,7 мың тонна мақта жиналды. Көкөніс, картоп, бақша дақылдарынан түскен өнім 2,9 млн. тоннаға жетіп, бұл өз кезегінде рекордтық көрсеткіш болып саналады.

Сондай-ақ, қарқынды баулардың көлемі 2800 гектарға ұлғайды. Айта кету керек, республикадағы жеміс-жидектің 40 пайыз, жүзімнің 73 пайыз үлесі Түркістан облысына тиесілі.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Бұл материалмен бөлісіңіз

Бұл материалда пікір жоқ