Елбасы қызметiнiң негiзгi қорытындылары жарияланды

Қаңтар 12 / 2019

 

«Егемен Қазақстан» газетінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың 2018 жылғы қызметінің негізгі қорытындылары жөніндегі ҚР Президенті Кеңсесінің бастығы Махмұт Қасымбековтің көлемді есебі жарияланды.

 

Кеңсе бастығының жазуынша, былтыр Президент 700-ден астам протоколдық іс-шараға қатысқан. Мемлекет басшысы 16 рет кеңес өткізген. Мұнан бөлек Парламенттің, Үкіметтің, Қауіпсіздік кеңесінің, «Нұр Отан» партиясы саяси кеңесінің отырыстарына қатысып, ел дамуының мәселелерін қараған. Сондай-ақ, Н.Назарбаевтың қатысуымен 100-ден астам халықаралық шара өткен. Оның ішінде 7 шет мемлекетке жасаған сапарлары да бар. Ал, республиканың түрлі өңірлеріне Президент 18 рет жұмыс сапарымен барыпты.

М.Қасымбеков жазғандай, Елбасының осынау белсенді қызметінің нәтижесінде 2018 жыл Қазақстан үшін бірқатар түпкілікті реформалар жүзеге асып, еліміздің халықаралық қауымдастықтағы беделі артқан жыл ретінде есте қалып отыр.

Бұл материалмен бөлісіңіз

Бұл материалда пікір жоқ