Аспан асты, жер үсті 0 пікір 2853 лайк

Бүкiлхалықтық санақ электронды форматта өтедi

Қаңтар 12 / 2019

 

Биыл Қазақстанда бүкілхалықтық санақ жүргізіледі. Ол қағаз форматында емес, электронды түрде өткізіледі. Статистика жөніндегі комитет мамандарының айтуынша, жаңа формат санақ жүргізу процедурасы мен алынған мәліметтерді өңдеу процесін айтарлықтай жеңілдететін көрінеді.

 

Ведомство арнайы сайт ашып, оған 89 сұрақ енгізбек. Оның 45-і жеке мәлімет пен алдағы жоспарларға қатысты болады. Мысалы, қазақстандық тұрғындардың мемлекеттен көшіп кеткісі келетін-келмейтіні, егер қоныс аударса, оның себебі сұралады. Сонымен қатар, отбасылық мәртебесі мен неке туралы сауалдар да қарастырылған.

Қазақстандықтардың жалпыхалықтық санағы кезең бойынша өткізіледі. Бірінші кезеңі мамыр-маусым айларына, екіншісі қарашаға жоспарланып отыр.

Санақтан өту үшін міндетті түрде сайтқа кіріп, тіркеліп, ұсынылған сұрақтарға жауап беру керек. Сонымен қатар, еліміз бойынша барлығы 30 мың ерікті үй-үйді аралауға жіберіліп, олар да санақ жүргізетін болады.

Осы мақсатқа мемлекеттік бюджеттен 8,8 миллиард теңге бөлінеді деп күтілуде.

«Оңтүстік»-ақпарат.

Бұл материалмен бөлісіңіз

Бұл материалда пікір жоқ