Руханият 0 пікір 0 лайк

Өзбекстан киносының апталығы басталды

Қаңтар 12 / 2019

 

Қайрат ЗАЙНИШЕВ, «Оңтүстік Қазақстан».

Биыл Өзбекстанның Қазақстандағы жылы болып жарияланғаны белгілі. Бұған дейін де мәдени-экономикалық байланысы бойынша өзге елдерге үлгі бола білген қазақ-өзбек ынтымақтастығы бұдан кейін де бұл бағыттағы бастамаларды жоғары деңгейде жүзеге асыра бермек.

 

Қазақ-өзбек ынтымақтастығын насихаттау мақсатында Түркістан қаласында өзбек киносының апталығы басталды.

Салтанатты шараға қатысқан облыс әкімінің орынбасары Мәлік Отарбаев, Өзбекстанның Қазақстандағы Бас консулы Абрар Фатхуллаев, Қазақстан өзбектері «Дустлик» қауымдастығының төрағасы Икрам Хашимжанов өз лебіздерін білдіріп, бауырлас елдердің ынтымақтастығын нығайту жолында атқарылып жатқан жұмыстарды атап өтті.

Көпшілік қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбаевтың балалық шағы мен қоршаған ортасы, шығармашылығы мен мұрағат құжаттарына негізделген «Абай сөзі» деректі фильмін, Ш.Айтматов туындысының желісі бойынша түсірілген «Сарвкомат Дилбарим» көркем фильмін және «Ойкиз» ертегісін тамашалады.

Бұл материалмен бөлісіңіз

Бұл материалда пікір жоқ