Аспан асты, жер үсті 0 пікір 2852 лайк

4400-ге жуық пәтер тапсырылады

Қаңтар 12 / 2019

 

Түркістан облысында тұрғын үйлер құрылысына биыл республикалық қазынадан 3,5 млрд., облыстық бюджеттен 7,3 млрд. теңге қарастырылып, 63 көпқабатты арендалық тұрғын үй салынатын болады.

 

Атап айтқанда, Түркістан қаласында – 20, Кентауда – 15, Сарыағаш ауданында – 13, Түлкібаста – 7, Арыста – 3, Жетісайда – 2, Шардарада – 2 және Отырарда 1 үйдің құрылысы жүргізіледі.

Жыл соңына қарай өңірде 47 үй пайдалануға беріледі деп жоспарлануда.

Бұдан өзге, «Нұрлы жер» бағдарламасымен өткен жылдың басында аудан, қала әкімдіктеріне екіқабатты 31 тұрғын үйге облыстық бюджеттен қаржы қарастырылған болатын. Бүгінгі таңда олардың он екісінің құрылысы аяқталды. Қалған 19 үй биылғы бірінші жартыжылдықта пайдалануға тапсырылады деп күтілуде.

Сондай-ақ, былтыр Түркістан қаласында «Түркістан» ӘКК» АҚ және жеке мердігер арқылы 6 көпқабатты тұрғын үй салына бастаған еді. Биыл ІІІ тоқсанда осы үйлердің құрылысы толығымен аяқталып, «7-20-25» бағдарламасы бойынша халыққа ұсынылады.

Сонымен қатар, Түркістан қаласы «Отырар» шағынауданы «Түркістан – жаңа қала» тұрғын үй кешеніндегі 38 гектар аумақта 88 көпқабатты тұрғын үй бой көтермек. Биыл бұл үйлердің 44-і «7-20-25» бағдарламасы арқылы тұрғындарға берілетін болады.

Жалпы алғанда Түркістан облысы бойынша 2019 жылы 4377 пәтер ел игілігіне тапсырылады.

Түркiстан облысы әкiмiнiң баспасөз қызметi.

Бұл материалмен бөлісіңіз

Бұл материалда пікір жоқ