Аспан асты, жер үсті 0 пікір 2846 лайк

40 мұғалiм Түркияға аттанды

Қаңтар 12 / 2019

 

Дилара БИМЕНОВА, «Оңтүстік Қазақстан».

Облысымыздан 40 ұстаз Түркияға аттанды. Олар 5 күн бойы Ыстанбұл қаласындағы үздік мектептердің тыныс-тіршілігімен танысып, ондағы әріптестерімен тәжірибе алмасатын болады. Мұғалімдер үшін шетелде тәжірибеден өту өте маңызды. Өйткені, елімізде жалпы орта білім беруге арналған оқу бағдарламасы әлемдік жүйеге негізделіп жасалған.

 

Облысымызға Жансейіт Түймебаев әкім болып тағайындалғалы бері өңірімізде мұғалімдердің шетелдерде білімі мен біліктілігін жетілдіруіне кең жол ашылды. Облыстық білім басқармасы таратқан ақпаратқа сүйенсек, өткен жылы облыста 150-ге жуық ұстаз шетелде тәжірибесін толықтырып келді. Алдағы уақытта бұл жұмыстарды әрі қарай жалғастыру жоспарланып отыр. Сала мамандарының айтуынша, шетелге баратын ұстаздар аудандық және қалалық білім бөлімдерінің ұсынысы бойынша жинақталады екен. Олар өзгеге үлгілі болуы шарт. Оқушылары білім сайыстарында жоғары нәтиже көрсетуі тиіс.

Түркістаннан Түркияға аттанған мұғалімдерге сәттілік тілейміз.

Бұл материалмен бөлісіңіз

Бұл материалда пікір жоқ