Әлеумет 0 пікір 0 лайк

133 млрд. теңге жарна жинақталды

Қаңтар 12 / 2019

 

Елбасы Н.Назарбаев кепілдендірілген тегін медициналық көмектің жаңа үлгісі мен міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру пакеттерін бекітетін заңға қол қойды.

 

Естеріңізге сала кетейік, тегін медициналық көмектің жаңа үлгісі мен МӘМС пакеті 2020 жылдан бастап іске қосылады. «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Түркістан облысы филиалының мәліметі бойынша, былтырғы желтоқсан айында Медициналық сақтандыру қорына 10,4 млрд. теңгеден астам жарна түсті. Ал, жаңа жүйе іске қосылған 2017 жылдың 1 шілдесінен 2018 жылдың 31 желтоқсанына дейінгі аралықта жинақталған жарнаның жалпы сомасы 133 млрд. теңгені құрады. Оның 124,3 млрд. теңгесі (шамамен 93,5%) жұмыс берушілердің аударымдары болса, қалған 8,7 млрд. теңге (6,5%-ға жуығы) – жеке кәсіпкерлер мен азаматтық-құқықтық келісімшарт негізінде еңбек ететін тұлғаларға тиесілі.

Жинақталған қаржы Ұлттық банкте сақталады. Болашақта МӘМС пакеті шеңберіндегі қызметтер ақысын төлеуге жұмсалады. Еліміздің бас банкімен қаржыны сенімгерлік басқару туралы келісім бекітілген.

Әлеумет бөлімі.

Бұл материалмен бөлісіңіз

Бұл материалда пікір жоқ