Әлеумет 0 пікір 0 лайк

Мектептерге жаңа директорлар келдi

Қаңтар 12 / 2019

 

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, Шымкентте мектеп директорлары мен балабақша меңгерушілері ашық конкурс арқылы тағайындалуда.

 

Құрамына «Нұр Отан» партиясы Шымкент қалалық филиалының өкілдері, депутаттар және көп жылдық тәжірибесі бар мектеп директорлары енген комиссия мүшелерінің келісімімен жақында конкурстан өтуге өтініш білдірген үміткерлердің төртеуі мектеп директоры лауазымына тағайындалды.

Енді қаладағы № 70 жалпы орта мектепті Эльмира Сатыбалдықызы Телемисова, № 75 мектеп гимназияны Ақтолқын Ділдәбекқызы Оразбаева, Ж.Аймауытов атындағы № 64 мектеп гимназияны Гүлxан Тұрсыметқызы Сәндібаева және Н.Төреқұлов атындағы № 62 жалпы орта мектепті Әлия Асқарқызы Бимұратова басқарады.

Қалалық білім басқармасының қызметкері Махаббат Омарова бір орынға екі үміткердің бақ сынасқанын айтады. Олар төрт кезең бойынша сынға түскен.

– Бірінші кезеңде конкурста бақ сынаушылардың білім саласындағы жұмыс өтілінің 5 жылдан кем болмауына және оның ішінде олардың лауазымдық қызметте кем дегенде 1 жылдай жұмыс істеуіне баса көңіл бөлінді. Мектепті дамыту үшін ұсынған жоспарлары қаралып, талқыланды. Сонымен қатар, үміткерлер тест тапсырып, білімдерінің қай деңгейде екенін де көрсетті. Соңында комиссия мүшелерімен әңгімелесу жүргізілді, – дейді Махаббат Махамбеткәрімқызы.

Айта кетер тағы бір жайт, бұл конкурста қатысушылардың біліктілік санатының жоғары болуына да мән берілді.

Д.ТОЙЛЫБАЙҚЫЗЫ.

Бұл материалмен бөлісіңіз

Бұл материалда пікір жоқ