Аспан асты, жер үсті 0 пікір 0 лайк

Жеңiмпаздар республикалық сайысқа барады

Қаңтар 12 / 2019

 

Түркістан қаласында жоғары сынып оқушыларының пәндік олимпиадасы өтті. Жалпы, орта мектептерде пәндердің оқытылу деңгейін анықтау мақсатында өткен білім бәсекесін облыстық білім басқармасы мен Қ.А.Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік универитеті бірлесіп ұйымдастырған.

 

Салтанатты шарада облыстық білім басқармасының басшысы Исатай Сағындықов мен университет ректоры Болатбек Абдрасилов сайысқа қатысушыларға сәттілік тіледі.

Пәндік олимпиадаға қатысуға 1003 оқушы өтініш берген. Оның 505-і гуманитарлық-қоғамдық, 498-і жаратылыстану-математикалық бағыты бойынша қатысты. Бірінші турдың қорытындысы бойынша 602 оқушы екінші турға өтіп, нәтижесінде І орынды – 45 оқушы, ІІ орынды – 86 оқушы, ІІІ орынды 129 оқушы жеңіп алды.

Қоғамдық-гуманитарлық және жаратылыстану-математикалық бағытындағы пәндер бойынша 25 жүлделі орынды жеңіп алған Кентау қаласының №3 «Білім-инновация» ер балалар лицей-интернаты ең үздік команда атанды.

Бұдан кейінгі орындарды командалық есепте – Жетісай ауданының мамандандырылған мектеп-интернаты (20 жүлделі орын), Кентау қаласындағы мамандандырылған мектеп-интернаты (19 жүлделі орын) иеленді.

Пәндік олимпиада барысында Түркістан қаласы (18 жүлделі орын), Жетісай ауданы (16 жүлделі орын), Түлкібас ауданы (16 жүлделі орын), Түркістан қаласындағы Н.Оңдасынов атындағы «Дарын» мектеп-интернаты (15 жүлделі орын), Кентау қаласы (14 жүлделі орын) ерекше білімдерімен көзге түсті.

Пән олимпиадасының республикалық төртінші қорытынды кезеңіне Түркістан облысынан қоғамдық-гуманитарлық бағыт бойынша 32 оқушы, жаратылыстану-математикалық бағыт бойынша 37 оқушы бақ сынайтын болады.

Қ.ҚУАНЫШБЕКҰЛЫ.

Бұл материалмен бөлісіңіз

Бұл материалда пікір жоқ