Аспан асты, жер үсті 0 пікір 0 лайк

Еттi мал шаруашылығын дамытуда

Қаңтар 12 / 2019

 

Сәбит ҚАЛДЫБАЕВ, «Оңтүстік Қазақстан».

Ауыл шаруашылығы саласының дамуына мемлекет тарапынан жіті көңіл бөлініп келеді. Бұған 2017-2021 жылдарға арналған Агроөнеркәсіп кешенін дамыту мемлекеттік бағдарламасы дәлел. Мұндағы мақсат – Қазақстанның экспорттық әлеуетін арттыру.

 

Мақтаарал ауданында да мал шаруашылығын дамыту мақсатында біршама игі жұмыстар қолға алынуда. Бүгінде ауданда 80-нен астам мал бордақылау алаңы бар. Мәселен, «Исраилов» шаруа қожалығы (басшысы Тәңірберген Исраилов) 50 малды күтімге алған. Ұжым малды жаңа технология арқылы құнарлы жемшөппен семіртіп, өндірген етті экспортқа шығармақшы. «Темірболат» шаруа қожалығы (басшысы Темірболат Рүстемов) 50 бұқаны 3 ай бордақылап, әрбір бұқаның салмағын 300-350 келіге жеткізуде. «Саттар» шаруа қожалығы 100 басқа арналған жаңа типті қора салған. Қожалық төрағасы Ұзақбай Саттаров қазір 60 ірі қара бордақылауда. Жалпы, аудан бойынша жыл басынан бері 4000 тонна ет өндірілген. Оның 600 тоннасы мал бордақылау алаңдарына тиесілі. Ауданда 43848 ірі қара, 53225 ұсақ мал, 6558 жылқы, 67757 құс өсірілуде.

Иә, ет, сүт өндіретін отбасылық шағын фермаларды көптеп ашу үшін шаруаларға мал алуына, қора жай салуына жағдай жасап, жеткілікті мөлшерде жеңілдетілген несие беру жолға қойылып келеді. Фермерлердің айы оңынан туып, істері алға басуда.

Мақтаарал ауданы.

Бұл материалмен бөлісіңіз

Бұл материалда пікір жоқ