Аспан асты, жер үсті 0 пікір 0 лайк

300 сәби дүние есiгiн ашты!

Қаңтар 10 / 2019

 

Аман ЖАЙЫМБЕТОВ, «Оңтүстік Қазақстан».

Түркістан облысында Жаңа жыл күндері туылған сәбилер саны үш жүзге жетті. Бұл тіршілігі қыз-қыз қайнаған өңіріміздің күн санап көркейіп келе жатқанымен бірге, демографиялық жағдайы да жақсарған үстіне жақсарып келе жатқанын білдірсе керек.

 

Бұл жағымды жаңалықты бізбен Түркістан облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі бөлісті. Баспасөз қызметінің жетекшісі Мира Сүлейменованың мәлімдеуінше, 31 желтоқсан мен 1 қаңтар күні облыс бойынша үш жүз нәресте дүние есігін ашқан. Оның 129-ы – ұл, 171-і – қыз.

Жалпы, еліміздегі әрбір бесінші сәби біздің өңірде дүниеге келеді екен. Оның ішінде бала туу жағынан Сайрам, Сарыағаш, Келес, Мақтаарал, Жетісай аудандары көш басынан көрініп жүр. Осылайша өңір халқының саны жыл сайын шамамен жетпіс мың адамға көбейіп, өткен жылдармен салыстырғанда туу көрсеткіші едәуір артқан. Мысалы, 2017 жылы облыс бойынша 59 мың 786 бала туылған болса, былтыр бұл көрсеткіш 67 мың 206-ға жеткен.

Ал, өз алдына енші алып, еліміздегі үшінші қала мәртебесіне ие болған Шымкентте де бұл күндері жан жадыратарлық жаңалықтар көп болды. Яғни өткен жылдың соңы мен жаңа жылдың алғашқы күнінде қаладағы перзентханаларда жүзге жуық сәби дүние есігін ашқан. Бір қызығы, Шымкентте дүниеге келгендердің басым бөлігі ұл екен.

Бұл материалмен бөлісіңіз

Бұл материалда пікір жоқ