Аспан асты, жер үсті 0 пікір 0 лайк

Аумақтық сайлау комиссиясының құрамы сайланды

Қаңтар 10 / 2019

 

Айдар ҚҰЛЖАНОВ, «Оңтүстік Қазақстан».

Түркістан қаласында алтыншы шақырылған облыстық мәслихаттың кезектен тыс отыз төртінші сессиясы өтті. Сессияның жұмысына облыс әкімінің міндетін атқарушы Қайрат Нүкенов, облыс әкімдігі мүшелері, облыстық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы мен осы комиссияның құрамына енген кандидаттар қатысты.

 

– Қазақстан Республикасының сайлау туралы қолданыстағы заңнамасына сәйкес облыстық аумақтық сайлау комиссиясының құрамы әр бес жыл сайын қайта сайланып отыруы тиіс. Қазіргі комиссияның өкілеттілік мерзімі алдағы наурыз айында аяқталады. Сондықтан оның құрамын облыстық мәслихат депутаттары қайта сайлауы тиіс, – деді күн тәртібіндегі мәселені таныстырған сессия төрағасы, депутат Нұралы Әбіш.

Облыстық аумақтық сайлау комиссиясының құрамына кандидаттарды өңірде қызмет атқарып жатқан саяси партиялар мен қоғамдық бірлестіктер ұсынады. Сессияда «Нұр Отан», «Ауыл» партиялары және басқа да қоғамдық бірлестіктер мен кәсіподақ ұйымдары ұсынған 7 кандидат комиссияның құрамына бірауыздан сайланды.

Бұл материалмен бөлісіңіз

Бұл материалда пікір жоқ