Аспан асты, жер үсті 0 пікір 0 лайк

Бизнестi қорғау – басты бағыттар қатарында

Қаңтар 10 / 2019

 

Әбдірахман ҚЫДЫРБЕК, «Оңтүстік Қазақстан».

Өңірлік коммуникациялар қызметінде Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары, Әдеп жөніндегі кеңес хатшылығының меңгерушісі Ғанижан Асанұлы брифинг өткізді.

 

Брифингте Ғанижан Асанұлы ел экономикасына инвестиция құю процесін оңтайландыру мақсатында, инвесторларды қағазбастылық пен сыбайлас жемқорлық фактілерінен сақтау үшін «Protecting Business and Investments» жобасы іске асырылып жатқанын айтып өтті.

«Бүгінгі таңда өңірде департамент тарапынан жалпы құны 240 млрд. теңге болатын 5 ірі инвестор сүйемелдеуге алынып, жұмыстар атқарылуда. Аталған жоба аясында инвесторлар сыбайлас жемқорлық фактілерінің кез келген көріністеріне жол бермеуге, сонымен қатар қандай да бір заңсыз факт орын алса, тікелей агенттікке және оның аумақтық департаменттеріне баяндау туралы келісімге қол қояды. Өз кезегінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы уәкілетті орган келісімге қол қойған инвесторларды заңда белгіленген құзіреттерді және өз ресурстарын пайдалана отырып, сыбайлас жемқорлық фактілерінен кез келген уақытта қолдап, қорғайтын болады» деді департамент басшысының орынбасары.

Брифинг барысында Ғанижан Асанұлы БАҚ өкілдерінің сұрақтарына жауап бере келе, отандық және шетелдік кәсіпкерлерге өңірімізде қолайлы жағдай жасау үшін барлық мүмкіндіктер қарастырылатынын, әкімшілік кедергілер жойылатынын атап өтті.

Бұл материалмен бөлісіңіз

Бұл материалда пікір жоқ