Аспан асты, жер үсті 0 пікір 0 лайк

Өңiр ғылымы өркендеп келедi

Қаңтар 10 / 2019

 

Былтырғы оқу жылында Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ-да магистратура, докторантура, резидентура контингенті 30 пайызға арттырылып, докторантураға қабылдау екі есеге жуық, ал, магистратураға қабылдау бір жарым есеге артқан. Бұл жайында Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Қ.А.Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетінің ректоры Болатбек Абдрасилов мәлімдеді.

 

– ХҚТУ басшылығы тарапынан өңірдегі ғылыми әлеуетті дамыту бағытында бірқатар іс-шаралар атқарылды. Ұлттық биотехнология орталығы, Ақпараттық технология және есептеу технологиясы институты, Тарих және этнология институты сынды өзге де отандық озық ғылыми-зерттеу орталықтары және институттарымен меморандумдар мен келісімдер түзілді. Инновациялық инфрақұрылымның негізгі құрылтайшысы болып табылатын технологияларды коммерцияландыру офисі құрылып, Кентау трансформатор зауытымен энергетика, ақпараттық технология және киберқауіпсіздік салалары бойынша ортақ технопарк жасақтау мәселесінде уағдаластыққа қол жеткізілді. Бұл бағытта қазір технопарк орнатып, жер белгіленді, – деді Болатбек Серікбайұлы. Сондай-ақ, ол университет ғалымдарының ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижесін коммерцияландыру бойынша Ғылым қорының 3 жылдық мерзімге арналған жалпы құны 745 млн. теңгені құрайтын 4 грантын жеңіп алуы өңір үшін үлкен жетістік екенін айтып өтті.

«Bilig» ғылыми журналының Clarivate Analytics (Tomson Reuters) және Scopus секілді алдыңғы қатарлы әлемдік ғылыми мәліметтер қорында индекстелуі, ХҚТУ басылымының ҚР БҒМ тарапынан ұсынылған журналдар тізіміне енгізілуі де елеулі жаңалықтардың бірі. Гуманитарлық ғылымдар саласында зерттеу жұмыстары жалғасуда. Археолог ғалымдар Сығанақ қалашығында ауқымды зерттеулер жүргізген. Нәтижесінде аталмыш нысан ЮНЕСКО-ның мәдени мұралар қатарына қосылмақ.

Ә.ЗҰЛПЫХАРҰЛЫ.

Бұл материалмен бөлісіңіз

Бұл материалда пікір жоқ