Әлеумет 0 пікір 0 лайк

Лайықты еңбекке – лайықты жалақы

Қаңтар 10 / 2019

 

Мемлекет басшысының «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» деп аталған Жолдауы қарапайым халық пен бизнес саласының ең өзекті мәселелерін көтеріп отыр.

 

Халықтың табысы мен тұрмысы артқан сайын бизнестің дамуы да арта түседі. Ал, бизнестің дамуы өз кезегінде жаңа технологиялар мен трансферттерге, инновацияларға кеңінен жол ашады. Бұл елдің дамуына алып келеді.

Елбасының Үкіметке 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап ең төменгі жалақыны 1,5 есе, яғни 28 мыңнан 42 мың теңгеге дейін өсіруді тапсыруы барлық экономикалық сала жұмысшыларының еңбекақысы жоғарылайтынын көрсетеді. Сондай-ақ, бюджеттен қаржыландырылатын қызметкерлердің де жалақы көлемі көтеріледі. Ендігі уақытта ең төменгі жалақы ең төменгі күнкөріс шегіне байланысты болмайды. Лайықты еңбекке – лайықты жалақы деген осы!

Бұдан бөлек, Елбасы тұрғын үй-коммуналдық қызметтердің тарифіне байланысты Үкіметке үш ай мерзім ішінде осы мәселемен айналысып, бәсекелестікті қорғау функциясын елеулі түрде күшейте отырып, монополияға қарсы ведомствоның жұмысын реформалау қажеттігін тапсырды. Бұл шара тарифтердің төмендеуіне алып келеді деген үміттемін. Ал, бұл өз кезегінде Шымкент қаласының тұрғындарына жалақыларын үнемдеуге септігін тигізбек.

Сонымен қатар, Жолдауда халықтың көкейінде жүрген тұрғын үй, мұғалімдердің мәртебесін көтеру, ұлт денсаулығы, жастар саясаты мәселелері де қозғалды.

Барлық отандастарым секілді мен де Елбасы Жолдауын қолдай отырып, оның орындалуына бар білімімді, кәсіби біліктілігімді саламын.

Әділжан ДАТҚАЕВ, «Оңтүстік Қазақстан профсервисі» ЖШС-нің бас маманы.

Бұл материалмен бөлісіңіз

Бұл материалда пікір жоқ