Заң-заман 0 пікір 0 лайк

30 сот орындаушы лицензиясынан айрылуы мүмкiн

Қаңтар 10 / 2019

 

Дамира Молданазарова, «Оңтүстік Қазақстан».

Борышкерден берешегін өндіреді деген сот орындаушылардың өздерінің де берешегі бар болып шықты. Оны айғақтайтын 8 дерек дәлелденген. Олардың берешегі – 3,9 млн. теңге. Жуырда Шымкент қалалық прокуратурасы мемлекет алдындағы сот және басқа да борыштық міндеттемелерді өндіру кезінде сот орындаушылардың «Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы» ҚР Заңының талаптарын орындау барысына тексеру жүргізді.

 

Шымкент қалалық прокуратурасының мәліметіне сүйенсек, жылжымалы және жылжымайтын мүліктері бола тұра мемлекет алдындағы 8,8 млн. теңге қарызы бар борышкерлерге қатысты мәжбүрлеу шарасы қолданылмаған 15 дерек тіркелген. Сондай-ақ, сот орындаушылары заңның 33-бабының талаптарына сәйкес, 17,8 млн. теңге қарызы бар 100 борышкерге елден шығу туралы шектеу қоймағаны белгілі болды.

Борышкерлерді әкімшілік жауапкершілікке тартпай, олардың жұмыс орнына атқарушылық жазба жібермей, атқарушылық құжаттарды орындамай заңсыз қайтару сияқты бірнеше фактілер анықталған.

Қалалық прокуратураның бастамасымен «Борышкер» акциясы ұйымдастырылып, акция аясында мемлекетке 26 млн. теңгеден аса қаржы өндірілген. Борышкерлердің 82 автокөлігі айыптұрақтарға қойылған. Тексеру қорытындысы бойынша Шымкент қалалық әділет департаментіне 8 сот орындаушыға тәртіптік жаза тағайындау, сонымен қатар мемлекеттік қызмет абыройына нұқсан келтірген 30 сот орындаушыны лицензиясынан айыру туралы ұсыныс берілген.

Бұл материалмен бөлісіңіз

Бұл материалда пікір жоқ