Елбасының ерекше тартуы

Желтоқсан 27 / 2018

 

Шымкент қаласындағы Сайрам көмекші мектеп-интернатының балалары жаңа жыл қарсаңында Елбасының жолдаған құттықтау хаты мен сыйға тартқан отандық жаңа автокөлігін алды.

 

Айта кетейік, аталған балалар үйінің тәрбиеленушілері 1 желтоқсан – Тұңғыш Президент күні қарсаңында Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа ұжымдық құттықтау мен өз қолдарымен жасалған өнер туындыларын жолдаған болатын. Балалардың хаты мен сыйлығын қабыл алған Елбасы алғысын білдіріп, ерекше сый-сияпат тарту етті.

Мектеп-интернатының ғимараты 1916 жылы құрылған тарихи нысан. Бұл мекеме отыз жылдан астам уақыт жұмыс істеп келеді.

Туабітті кемістігі бар балаларды өнерге баулып, қоғамға бейімдейді. Олар ерекше оқытуды қажет етеді. Бүгінде мұнда 210 жеткіншек тәрбиеленіп жатыр.

Бұл материалмен бөлісіңіз

Бұл материалда пікір жоқ