Заң-заман 0 пікір 2778 лайк

ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ КҮРЕС БҰҚАРАЛЫҚ СИПАТ АЛУЫ ТИІС

Желтоқсан 23 / 2018

ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары Олжас Бектенов қала активімен кездесті.

 

Кездесуге Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Қ.Нұртай, аумақтық және жергілікті атқарушы органдардың басшылары, аудан әкімдері, қалалық арнайы мониторингтік топтың, қоғамдық кеңестің мүшелері мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты. 

Қала әкімінің орынбасары Қайрат Нұртай агенттік тарапынан сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағытында атқарып жатқан жұмыстарға қала әкімдігі қашанда қолдау көрсететіндігін жеткізді.

 -Шымкент қаласына жасаған сапарым «Шымкент – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің ашылуынан басталды. Бұл жоба қала тұрғындары арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті белсенді қалыптастыруға және тұрмыстық сыбайлас жемқорлықты жоюға ықпал етеді деп үміттенемін, - деді Олжас Абайұлы.

Агенттік төрағасы орынбасарының айтуынша, ең бастысы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бұқаралық сипатқа ие болуы тиіс. Жаңадан бастау алған «Шымкент – адалдық алаңы» жобасы осы мақсатты көздейді.

Жиында мемлекеттік қызметтің жаңа моделіне көшу барысы талқыланып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес пен мемлекеттік қызмет саласындағы өзге де реформалық өзгерістер талқыланды.

«Оңтүстік»-ақпарат.

Бұл материалмен бөлісіңіз

Бұл материалда пікір жоқ