Заң-заман 0 пікір 2777 лайк

ШЫМКЕНТ – АДАЛДЫҚ АЛАҢЫ

Желтоқсан 23 / 2018

Елбасы «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру»  Жолдауында сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға ерекше назар аударғаны мәлім. Онда «Сыбайлас жемқорлықтан ада өңірлер» жобалары аясында елорданың жемқорлыққа қарсы стратегиясын жүзеге асыруды тапсырды. Осыған орай «Шымкент - адалдық алаңы» жобалық кеңсесі ашылды.

 

Ашылу рәсімінде ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары Олжас Бектенов, агенттіктің Шымкент қаласы бойынша департаментінің басшысы Әли Көмекбаев, Шымкент қаласы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы  Ұлттық бюросының бастығы Мұрат Қарымсақов, қала әкімнің орынбасары Данат Жумин және қоғамдық ұйымдардың өкілдері сөз сөйледі.

-Бұл жоба қала тұрғындары арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға ықпал етеді, сондай-ақ қоғамдық бақылауды жүзеге асыру кезінде азаматтық қоғаммен тығыз өзара іс-қимылды қамтамасыз етеді деп үміттенеміз» - деді Олжас Абайұлы.

Айта кету керек, жобаны іске асыру тиімділігін бағалау сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет деңгейін анықтау мен сыбайлас жемқорлық көріністеріне төзбеушілік бойынша әлеуметтік зерттеу нәтижелеріне негізделеді.

«Оңтүстік»-ақпарат.

Бұл материалмен бөлісіңіз

Бұл материалда пікір жоқ