Аспан асты, жер үсті 0 пікір 0 лайк

Бәрi де бизнестi қорғау үшiн

Желтоқсан 08 / 2018

 

Әбдірахман ҚЫДЫРБЕК, «Оңтүстік Қазақстан».

Облыстық Кәсіпкерлер палатасы бизнесті қорғау үшін облыстық прокуратура және Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің департаментімен өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Аталған шараға облыс прокуроры Нұрғалым Әбдіров, Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің департамент директоры Ғалым Тұрсынбаев және облыстық Кәсіпкерлер палатасының төрағасы Олжас Қаржауов қатысты.

 

Шарада Кәсіпкерлер палатасы мен облыстық прокуратура кәсіпкерлердің құқықтарын бірлесіп қорғауға уағдаласты. Келісім шеңберінде бизнесті заңсыз әкімшілік қысымнан және қылмыстық қудалаулардың қатерінен қорғауды жетілдіру бойынша жүйелі жұмыстар жүргізілмек. Негізгі міндет мемлекеттік органдар тарапынан бизнесті тексерудің заңдылығын талдау және нәтижеге сүйене отырып, прокурорлық шаралар қабылдауға саяды. Сондай-ақ, құқықтық актілердің талаптарын сақтауға және жер қатынастары мен құрылыс саласында рұқсат беру құжаттары кезінде әкімдіктердің міндеттерін орындауына бағалау жүргізу жоспарланған.

 Ал, Кәсіпкерлер палатасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі департаментімен болған меморандум аясында мемлекеттік қызмет көрсету және бақылау саласында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне талдау жүргізу жоспарланған. Сонымен қатар атқарушы органдар мен ұйымдардың кәсіпкерлік субъектілерінің қызметін реттейтін мемлекеттік функциялары бар ұйымдардың лауазымды тұлғаларының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекеттерін айқындау және жолын кесу жөніндегі жұмыстары ұйымдастырылмақ.

Түркістан қаласы.

Бұл материалмен бөлісіңіз

Бұл материалда пікір жоқ