Аспан асты, жер үсті 0 пікір 2660 лайк

ТҮРКІСТАНДА «АДАЛ ЖОЛ» МАРАФОНЫ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ

Желтоқсан 06 / 2018

Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күніне орай Түркістан қаласында «Адал жол» марафоны қорытындыланды.

 

Шараға облыс әкімінің орынбасары Е. Садыр, «Адал жол» марафонын өткізуге белсенділік танытқан қалалық, аудандық әкімдіктердің өкілдері мен белсенді жастар, «Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубтарының және Арнайы мониторингтік топ мүшелері және БАҚ өкілдері қатысты.

Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ербол Садыр өңірімізде сыбайлас жемқорлықпен күресуде белсенділік танытқан азаматтарға алғыс айтып, облыстың абыройын көтеру мақсатында осы індетпен әрі қарай бірлесіп күрес жүргізуге шақырды.

Ал, ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаменті басшысы Ғ.Тұрсынбаев «Адал жол» марафонының өз деңгейінде өтуіне белсенді атсалысқан мемлекеттік қызметшілерге, спортшыларға, жастарға, БАҚ және азаматтық қоғам өкілдеріне алғыс білдіріп, түрлі номинациялар бойынша арнайы дипломдармен марапаттады.

«Адал жол - Честный путь» марафонының нәтижесімен ең үздік аудан ретінде Шардара ауданы танылды.  

«Оңтүстік»-ақпарат.

Бұл материалмен бөлісіңіз

Бұл материалда пікір жоқ