Рухани жаңғыру 0 пікір 0 лайк

«Ескiнi еске алмай...»

Желтоқсан 06 / 2018

 

Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласы жарияланған болатын. Жақында осы аталған мақаланың жалғасы ретінде «Ұлы даланың жеті қыры» атты құнды еңбегі жарық көрді. Оқып шықтым. Көңілге қонымды. Етек-жеңін жинап, мәңгілік ел болуға бағыт алған мемлекетіміз үшін өте қажет дүние. Тарихымызды танып, білу әрбір азаматтың міндеті. «Ескіні еске алмай, жаңа жадыңа түспес» дейді дана халқымыз.

 

Біз кімбіз? Кімнің ұрпағымыз? Не үшін Ұлы даланың тұрғыны саналамыз? Міне, осындай сұрақтарға нақты жауап беретін сәт жетті. Мақалада көрсетілгендей бірқатар маңызды мәселелер назарға алынбақ.

Бір сөзбен айтқанда, өлгеніміз тіріліп, өшкеніміз жанатын болады. Ал, бұл бағыттағы жұмыстар өскелең ұрпаққа өте қажет-ақ. Өйткені, жас буын мағынасыз мультсериалдар мен қажетсіз кинолардағы кейіпкерлерге қарап емес, батыр бабаларына қарап бой түзейтін болады.

Жаңабек ХАМРАЕВ, Жастар ресурстық орталығының директоры. Сайрам ауданы.

Бұл материалмен бөлісіңіз

Бұл материалда пікір жоқ