Аспан асты, жер үсті 0 пікір 0 лайк

Он айдағы оң тiрлiктер

Желтоқсан 06 / 2018

 

Өңірлік коммуникациялар қызметінде Қазығұрт ауданының әкімі Төлеген Телғараев ауданда он айда атқарылған жұмыстар жайында брифинг өткізді.

 

Осы жылдың он айлық қорытындысында ауданымыздың жалпы өңірлік өнім көлемі 96 929,7 млн. теңгеге орындалып, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 121 пайызды құрады. Сонымен қатар, есепті кезеңде ауданға тартылған инвестиция көлемі 15 263,2 млн. теңгеге орындалып, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 7,1 пайызға артқан.

Аудан басшысының айтуынша, өңірде шағын және орта бизнес саласы қарқынды дамуда. Он айда 94 шағын жоба іске қосылып, 405 адам тұрақты жұмыспен қамтылған. Ауыл шаруашылығы саласында да ілгерілеушілік бар. Өңірдің көкөніс, бақша дақылдары еліміздің барлық аймақтарына жөнелтіліп қана қоймай, Ресей, Украина, Беларусь, Иран, Латвия, Германия сынды елдерге де экспортталған. Өңірдегі егіс көлемі 83 983,1 гектарды құрап, 13500 гектар суармалы жер толығымен игерілген.

Брифингте аудан әкімі денсаулық сақтау саласындағы көрсеткіштердің жақсарып келе жатқанына тоқталды. «Басты бағыт – ана мен бала денсаулығын қорғау. Осы мақсатта жүйелі түрде ана өлімі мен сәбилердің шетінеуін болдырмау көрсеткішін барынша төмендетуге арналған іс-шаралар атқарылды. 2018 жылғы 10 айда 2243 бала туылып, 1000 тірі туған балаға есептегенде көрсеткіші 21 пайызды құрады. Жүректің ишемиялық ауруы 18,2, артериалды гипертензия 6,3 пайызға азайған» деді Т.Тұртайұлы. Сонымен бірге ол халықты қажетті инфрақұрылыммен қамтамасыз ету бойынша да жұмыстар жалғасып жатқанын жеткізді.

Брифинг барысында аудан әкімі БАҚ өкілдерінің сауалдарына жауап берді.

«Оңтүстік»-ақпарат.

Бұл материалмен бөлісіңіз

Бұл материалда пікір жоқ