Аспан асты, жер үсті 0 пікір 0 лайк

Электронды билет алыңыз

Желтоқсан 06 / 2018

 

Әбдірахман ҚЫДЫРБЕК, «Оңтүстік Қазақстан».

«Түркістан» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ жанынан «TURKISTAN INVEST», «Цифрландыру орталығы» және «Тұрақтандыру қоры» филиалдары құрылған. Жалпы, аталмыш ұйым құрылыс, әлеуметтік маңызы бар жобалар, туризм, инвестиция тарту, цифрландыру және тұрақтандыру қоры сынды бағыттар бойынша жұмыс істейді. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте «Түркістан» ӘКК» АҚ төрағасы Айтмұхаммед Алдажаров айтып берді.

 

Сондай-ақ, басқосуда «TURKISTAN INVEST» компаниясының басшысы Әлібек Несіпбеков Түркістан облысында қолайлы инвестициялық жағдай туғызып, өңірдің инвестициялық әлеуетін көтеру мақсатында «TURKISTAN INVEST» инвестициялық компаниясы құрылғанын жеткізіп, оның жұмысымен таныстырып өтті.

Ал, «Цифрландыру орталығы» облыста «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасын жүзеге асырумен айналысады. Аталған бағдарлама шеңберінде орталық 15-тен астам халық-аралық және отандық компаниямен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Өз сөзінде орталық басшысы А.Жанғұлов осынау іс-шаралар облыс экономикасына салынатын инвестициялар көлемін 30 млн. АҚШ долларына жеткізуге және ІТ мамандар үшін қосымша жұмыс орындарының ашылуына септігін тигізетінін мәлімдеді.

Сонымен бірге, «Цифрландыру орталығы» отандық ІТ жүйелерін әзірлеушілермен бірлесіп Түркістан қаласында бірнеше пилоттық жобаларды іске асыруда. Алдағы желтоқсан айында Түркістан қаласының қоғамдық көліктерінде электронды билет жүйесі іске қосылады. Бұдан бөлек облыстық ішкі істер департаментімен бірлесіп қауіпсіздік және бейнебақылаумен қамтамасыз ету шараларын атқаруда. Және де жыл соңына дейін облыстық ТЖД-да автоматтандырылған «112 қызмет» жүйесін енгізу көзделіп отыр.

Бұл материалмен бөлісіңіз

Бұл материалда пікір жоқ