Руханият 0 пікір 0 лайк

Ақын кешi – Астанада!

Желтоқсан 06 / 2018

 

Астанада Қазақстан Жазушылар одағының бастамасымен, ҚР Президенті жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның, сондай-ақ, Л.Гумилев атындағы Еуразия университетінің қолдауымен белгілі ақын Ханбибі Есенқарақызының он томдық кітабының тұсаукесері өтті. Таныстырылымды ҚР Жазушылар одағының Астанадағы филиалының директоры Дәулеткерей Кәпұлы жүргізді. Тұсаукесер рәсіміне жиналғандар ақынның шығармашылығы жөнінде өз пікірлерін ортаға салды.

 

Жиында сөз алған халықаралық «Алаш» сыйлығының иегері, «Қазақ үні» газетінің президенті, ақын Қазыбек Иса, белгілі сатирик Көпен Әмірбек, мемлекет және қоғам қайраткері Оразкүл Асанғазықызы, «Алтын флейта» иегері Бекболат Байсағат, ақынның інісі, генерал Жұмажан Құлмағанбет, тағы басқалар жылы лебіздерін білдірді. Университет студенттері ақын өлеңдерін жатқа оқыды. Ханапаның сөзіне жазылған әндер орындалды. Іс-шарада ақын он томдық шығармалар жинағын университет кітапханасына сыйға тартты. Астанадағы «Фолиант» баспасынан жарық көрген жинақ безендірілуі мен сапасы жағынан көптің көңілінен шықты. Кеш соңында университет проректоры Дихан Қамзабекұлы ақынға шығармашылық табыстар тілеп, кеудесіне «Күлтегін» медалін тақты. Енді осындай тұсаукесерді Алматы, Шымкент қалаларында өткізу жоспарланып отыр.

Лаура ТАСТАНБЕК.

Бұл материалмен бөлісіңіз

Бұл материалда пікір жоқ