Руханият 0 пікір 2657 лайк

Ерен ойлы Елбасым

Желтоқсан 01 / 2018

Сайын, салқам далам жыр,

Ғанибетті ғалам нұр.

Ерен ойлы Елбасым,

Дара көсем, данам бұл.

 

Біріккен Ұлттар Ұйымда,

Әлемдік ұлы жиында.

Тілімді етті мәртебе,

Танытып жер шар, қиырға.

 

Алтыннан соққан тұғырын,

Қазағым ғажап ғұмырың.

Елбасым, сенің арқаңда,

Мойындап әлем тұр бүгін.

 

Халқымның жарап бағына,

Қуаты, намыс, арына.

Елбасым – елдік кепілі,

Елінің жақын жанына.

 

Астанам ажар, келбетім,

Қаққызған таңдай жер бетін.

Ұлтымның ұлы жүрегі,

Жігерін тұрар тербетіп.

 

Ынтымақ, бірлік қалаған,

Достықты ұлық санаған.

Ұшпаққа ұлтын шығару,

Арманы биік нар адам.

 

Жүйрікті мінді құйғыта,

Домбыра тартар ұйыта.

Сөзге де шешен, мақалдап,

Төгеді сөзді құйылта.

 

Президентім Тұңғышым,

Қолдаған ұлы – ұлысың.

Нұрлы жолға бастаған,

Нұр аға, сенің нұрлы ісің.

 

Өнеге-үлгі, біздерге,

Біздердей балаң іздерге.

Қаншама қазақ баласы,

Бой түзер қарап сіздерге.

 

Тұғырдан түспе, Нұр-аға,

Айналған дара тұлғаға.

Елнұры деген балаңнан,

Ақ тілек болсын бұл, аға!

Елнұры Жеңіс, «Тұран» университеті журналистика факультетінің 3-курс студенті.

Бұл материалмен бөлісіңіз

Бұл материалда пікір жоқ