Заң-заман 0 пікір 0 лайк

Қазақстан – дамудың жаңа үлгiсi

Желтоқсан 01 / 2018

 

Көк байрақты Қазақстанның тәуелсіздік алып, күллі әлемге егемен ел ретінде танылғанына міне, табандай 27 жыл толып отыр. Осы ширекғасырлық тарихымызда тәуелсіздігімізбен бірге жасасып, тәй-тәй басқан жас мемлекетімізді аяғынан тік тұрғызуда Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаевтың еңбегі өлшеусіз.

 

Қарап отырсақ, 1991 жылы 1 желтоқсанда алғаш рет Қазақ КСР Президентінің жалпыхалықтық сайлауы өтіп, Нұрсұлтан Әбішұлының жас мемлекеттің тағдырын өз қолына алғаны күні кеше сияқты еді. Дей тұрғанмен, еліміз санаулы ғана уақыт ішінде әлемге өзін танытып қана қоймай, дамудың жаңа үлгісін көрсетіп үлгерді. Мемлекет басшысының көрегендігі мен сындарлы саясатының арқасында қазақ елі ғасырлар тоғысындағы сыннан да еш сүрінбей өткеніне әлем куә. Бүгінгі таңда қай саланы алып қарасаңыз да, жаңашылдықтың, дамуға деген талпыныстың, жеңістің нышанын көруге болады. Қазақстанның ширек ғасырда жеткен жетістіктері жайлы әлем саясатшылары да жиі-жиі ой толғайтын болған. Назар аударсаңыз, онда міндетті түрде Елбасымыздың аты аталады. Оның ел басқарудағы іскерлігі, даналығы, даралығы сөз болады. Қазақ топырағындағы татулық, көпұлтты халықтың бірлігі жайлы айтылады. Мәселен, Ұлыбританияның бұрынғы Премьер-министрі, көп жылдар Президенттің кеңесшісі болған Тони Блэр Елбасы жайлы «Нұрсұлтан Назарбаев шынымен Қазақстанды дұрыс жолмен алып келді. Президент көпэтносты және көпконфессионалды ел ішінде қоғамдық келісім орната білді. Қазақстан өңірдің барлық елдеріне үлгі...» деп ұлт пен ұлыстың татулығын сақтап, жас мемлекетті бірлігі жарасқан елге айналдырған Елбасының еңбегіне ерекше баға береді.

Феруза БАЛТАЕВА, Шымкент қаласының кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы.

Бұл материалмен бөлісіңіз

Бұл материалда пікір жоқ