Заң-заман 0 пікір 0 лайк

Басты қару – мәдениет

Желтоқсан 01 / 2018

 

Дамира МОЛДАНАЗАРОВА, «Оңтүстік Қазақстан».

Жуырда Шымкент қаласының және Түркістан облысының мемлекеттік күзет қызметі басқармасында Тұңғыш Президент күніне орай және Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласында айтылған мәселелерді зерделеу мақсатында «дөңгелек үстел» мәжілісі өтті. Жиынға Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданы «Нұр Отан» партиясы партиялық бақылау комиссиясының мүшесі Б.Тұяқбаев, Шымкент қалалық мәслихатының депутаты Т.Сұлтанова, Б.Момышұлы атындағы оқу орталығының тәрбие және кадр бөлімінің бастығы А.Маймақов қатысты.

 

Күзет қызметі басқармасының жеке құрамы алдымен Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың әр жылдардағы атқарған жұмыстары туралы көрмені тамашалап, Елбасы жайлы кітаптармен танысты.

– Мемлекеттің қуаты қару-жарағының күші мен дипломатиялық қарым-қатынасымен ғана өлшенбейді. Мемлекеттің басты қаруы – мәдениеті. Олай болса, Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласы осы ойымызды дөп басқандай. Бұл «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының жалғасы. Аталған мақалада қазақ халқының тереңнен бастау алатын тарихи және мәдени ерекшеліктері, әлемдік өркениетке қосқан өзіндік үлесі туралы тағлымды тұжырымдама жасалған. Президент мақаласында бүгінгі жаһандану жағдайында ұлттың бірегейлігін сақтауда халықтың ғасырлар бойы жинақталған бай тарихын танып, әлі де ашылмаған қырларын зерттеу қажеттігін атап көрсетті. Ұлы даланың байырғы халқын өзгелерге мәдениеті ежелден қалыптасқан ұлт ретінде мойындату мақсатында мақалада құнды ойлар айтылып әрі ұлтты сақтаудың механизмі кеңінен қамтылған, – деді басқарма бастығы, полиция полковнигі Қ.Тілеубердиев.

«Дөңгелек үстел» мәжілісіне жиналғандар Елбасы еңбегіне байланысты өз ойларын ортаға салып, пікір алмасты.

Бұл материалмен бөлісіңіз

Бұл материалда пікір жоқ