Заң-заман 0 пікір 2634 лайк

Бизнестi бiрлесе қорғайды

Қараша 29 / 2018

 

Дамира МОЛДАНАЗАРОВА, «Оңтүстік Қазақстан».

Түркістан облыстық кәсіпкерлер палатасы құқық қорғау органдарымен және сотпен ынтымақтастықты күшейтіп, бизнесті қорғау мақсатында Түркістан облыстық сотымен, облыстық прокуратурамен, ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментімен бірлескен меморандумға қол қойды.

 

Түркістан облыстық кәсіпкерлер палатасының директоры О.Қаржауовтың айтуынша, кәсіпкер құқығын қорғаудың кепілі болатын бұл құжаттың маңызы зор.

Айта кетейік, Елбасының кәсіпкерлікті қолдау жөніндегі тапсырмасын орындау мақсатында қолға алынған жоба аясында мемлекеттік қызмет көрсету мен бақылауда сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне талдау жүргізу жоспарланған.

– Қадағалау талаптары қатаңдатылып, бақылау күшейтілгенде өңірде кәсіпкерліктің даму көрсеткіші де жоғарылайтын болады. Бұл меморандумдар бизнесті заңсыз әкімшілік қысымдардан және қылмыстық қудалаудан қорғайды. Алдағы уақытта мемлекеттік органдар тарапынан бизнес-тексерулердің заңдылығын талдау жұмыстары жүргізіледі, – деді облыс прокуроры Н.Әбдіров.

Қол қойылған үш меморандум шеңберінде тараптар кәсіпкерлік субъектілерінің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғап, кәсіпкерлікті дамытуға кедергі келтіретін жүйелі проблемалар мен тосқауылдарды анықтайды. Сондай-ақ, бақылау-қадағалау органдарының жеке кәсіпкерлік субъектілерінің қызметіне заңсыз тексерулер жүргізуге жол бермей, кәсіпкерлікті дамытуға барынша қолайлы жағдай туғызады.

Бұл материалмен бөлісіңіз

Бұл материалда пікір жоқ