Заң-заман 0 пікір 2627 лайк

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА "АДАЛ ЖОЛ" МАРАФОНЫ АЯҚТАЛДЫ

Қараша 27 / 2018

 «Адал жол - Честный путь» марафоны жаңа облыс орталығы Түркістан қаласында өз мәресіне жетті. ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша департамент басшысы Ғалым Тұрсынбаев арнайы қатысып, Түркістан қаласының әкімі Ә.Өсербаевтан эстафетаны қабылдап алды.

 

Ғалым Сұлтанұлы эстафета өткізудегі мақсат мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының тиімділігін арттыру, сыбайлас жемқорлықтың кез келген көрінісіне «мүлдем төзбеушілік» ахуалын жасау арқылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қозғалысқа бүкіл қоғамды тарту және деңгейін төмендету екенін атап өтіп, марафонға белсене қатысқан бірқатар азаматтарға Алғыс хаттар тапсырды.

Марафон аясында Түркістан қаласында жалпы 70-ке жуық іс-шаралар түрлі форматта, яғни, семинар-кеңес, пікірталас алаңдары, дөңгелек үстел, кездесу, велошеру, автошеру, спорттық және мәдени шаралар ұйымдастырылды. Бұл шараларға жалпы 10 мыңнан аса тұрғын қатысты.

Естеріңізге салсақ, марафон Шардара ауданына бастау алып әрі қарай Мақтарал, Сарыағаш, Қазығұрт, Сайрам, Түлкібас, Төлеби, Ордабасы, Арыс, Отырар, Кентау және Созақ, Бәйдібек аудандарында өтті. Марафонның соңғы форумы, яғни жеңімпаздарды марапаттау рәсімі 9 желтоқсанда Халықаралық жемқорлыққа қарсы күрес күні қарсаңында өтетін болады.

Д.ЖҮСІПОВ.

Бұл материалмен бөлісіңіз

Бұл материалда пікір жоқ