Рухани жаңғыру 0 пікір 0 лайк

Алма да, қызғалдақ та өседі

Қараша 21 / 2018

 

ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры»  атты мақаласы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық еңбегінің заңды жалғасы іспетті. Ол кіріспеден, «Ұлт тарихындағы кеңістік» және «Тарихи сананы жаңғырту» тарауынан тұрады. Оның алғашқысы атқа міну мәдениеті, ұлы даладағы ежелгі металлургия, аң стилі, алтын адам, түркі әлемінің бесігі, ұлы жібек жолы, алма мен қызғалдақтың отаны туралы түсінік берсе, екінші тарауда архив – 2025, ұлы дала ұлылары, түркі әлемінің генезисі, ежелгі өнер және технологиялар музейі, фольклор мен музыканың мың жылы, тарихтың кино өнері мен телевизиядағы көрінісі туралы жобалармен таныстырып, оны жүзеге асыру жөнінде жаңа міндеттер жүктейді. Мақаланың маңыздылығы да осында.

Рас бұрын біз батыс елдерін өркениеттің үлгісі ретінде бағалап келдік. Біздің елде де мақтан тұтар жетістіктердің бар екенін Елбасы айшықтап берді. Бұл біздің темірқазық болар бағдарламамыз болуы тиіс.

Күнгей өңірдің бау мен бақшаның, көкөніс пен жемістің отаны екенін республика жұртшылығы жақсы біледі. Ал қызғалдақ Түлкібас ауданының Шұбайқызыл алабында өседі. Жыл сайын қызғалдақ фестивалі аталып та жүр.

Иманәлі БАЙДӘУЛЕТОВ,ардагер, медицина ғылымдарының докторы, профессор.

Бұл материалмен бөлісіңіз

Бұл материалда пікір жоқ