Заң-заман 0 пікір 2522 лайк

Сапасыз қызметке тосқауыл қойылды

Қараша 17 / 2018

 

Осы жылдың шілде айында Елбасы «Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» Заңға қол қойған болатын. Осыған орай енді «заң консультанттары» деп аталатын жеке заңгерлердің қызметі оларды палатаға біріктіру арқылы реттеледі. Ең бастысы, сапалы заң көмегі көрсетілетін болады. Ал, қызметін адал атқармаған заңгерлер жауапқа тартылып, сапасыз көмек көрсетуге тосқауыл қойылады.

 

Тұрғындардың білгені абзал, жаңа заң бойынша азаматтар көрсетілген сапасыз заң көмегі үшін сақтандыру өтемін де ала алады. Ол 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізілмек. Адвокаттық қызметте тәжірибесі жоқтарға жаңа заңда көптеген жеңілдіктер қарастырылған. Айталық, егер осы уақытқа дейін тілек білдірушілердің бәрі 400-500 мың теңге көлемінде жарна төлеп, адвокат болғысы келсе, жаңа заң бойынша алғашқы жарнаның болмауы адвокаттардың қатарын арттыруға, бұл салаға жас заңгерлердің көптеп келуіне және заң қызметін көрсету сапасын көтеруге мүмкіндік береді.

Жаңа заңның тағы бір жаңалығы – ендігі жерде қоғам игілігіне жұмыс істейтін «pro bono» деген тәжірибе енгізіледі. Соған сәйкес, халықтың әлеуметтік әлсіз топтарына заңгерлік қызмет тегін көрсетіледі. Мұндай көмек тараптардың ерікті келісіміне негізделеді.

Гүлжаһан САБРАЛИЕВА, Абай аудандық әділет басқармасының мұрағатшысы. Шымкент қаласы.

Бұл материалмен бөлісіңіз

Бұл материалда пікір жоқ