Руханият 0 пікір 2513 лайк

Қазақтың сенсің ырысы

Қараша 15 / 2018

Тәуелсіз атқан ақ таңның,

Айбары болған төл теңгем.

Елдік туралы мақтанның,

Айғағы болған төл теңгем.

 

Теңгемнің биік бәсі нық,

Таластар туса кейде осы.

Айбыныңды тұр асырып,

Елтаңбамыздың бейнесі.

 

Қазақтың сенсің ырысы,

Кешірген нәубет кезеңін.

Ұлттық рухымның ұлысы –

Сендегі рухтың өзегі.

 

Елдіктің сенсіз мәні жоқ,

Сенен ел алар тынысын.

Қазақтың ғана қамы боп,

Таси бер теңгем, ырысым.

Ерболат АЙНАБЕКОВ.

Бұл материалмен бөлісіңіз

Бұл материалда пікір жоқ