Заң-заман 0 пікір 2502 лайк

АУДАНДА АЛАЯҚТЫҚ ҚЫЛМЫСТАРДЫҢ ӨСУІ БАЙҚАЛАДЫ

Қараша 14 / 2018

Шымкент қаласы прокуратурасының талдауына сүйенсек, биыл шаһарда алаяқтық деректері біршама төмендегенімен, осы санаттағы қылмыстық құқық бұзушылықтардың Әл-Фараби ауданында өсу деңгейі байқалған. Бұл осы ауданда банктік мекемелердің көптеп орналасуына байланысты. Тек 10 айдың ішінде банктердің қызметіне байланысты 52 алаяқтық дерегі тіркелген.

 

Көп жағдайда қысқа мерзімде төлемді толық жасаймын деген алаяқтарға сенген азаматтар өз аттарынан кредит алып беріп, оны үшінші тұлғаларға тапсырған және қаражатты алысымен алаяқтар іздерін жасырып отырған. Осыған байланысты тұрғындарды күмәнді келісімшарт жасар алдында мұқият болуға шақырамыз.

Ол үшін бөтен азаматтардың уәдесіне сенбеңіз, оларға құжаттарды, нотариалды куәландырусыз депозит пен аванс бермеңіз, өз мүлкіңізді және оған қатысты құқықты бағалаңыз. Егер Сіз алаяқтықтың құрбаны болсаңыз, онда дереу құқық қорғау органдарына хабарласыңыз.

Шымкент қаласының прокуратурасы.

Бұл материалмен бөлісіңіз

Бұл материалда пікір жоқ