Аспан асты, жер үсті 0 пікір 0 лайк

ШОБ-ке арналған банк өнімдері жөніндегі жолбасшы.

Қараша 14 / 2018

 

Соңғы жылдары Қазақстанда шағын және орта бизнес субъетілерінің саны белсенді түрде өсіп келеді. Бірақ, осындай қарқынды дамуға қарамастан, қазақстандық кәсіпкерлік - өте жас сала. Біздің іскер қауымдастыққа әрі көп нәрсені үйрену қажет. Бүгінде мынадай үрдіс бар: адамдар өз бизнесін қалай дамытуға болатыны туралы білім алғысы келеді, бірақ бұл білімді қайдан алуға болатынын әркез түсіне бермейді. Бизнесмендерге көмек ретінде  Банк ВТБ (Қазақстан)«Бизнес мектебі» жобасын іске қосты, оның мақсаты – отандық кәсіпкерлер үшін пайдалы ақпаратты тарату.

Бірінші кезекте біз шағын және орта бизнестің дамуына жәрдемдесетін негізгі банк өнімдері мен қызметтері жөніндегі Жолбасшыны дайындадық!

Кредиттеу.

Ең танымал банк өнімі. Кредиттерді банктен бизнесті ашуға немесе дамытуға алуға болады.

Сипаттамасы: Банктің заңды тұлғаға белгіленген мерзімге және белгіленген талаптармен беретін ақшалай сомасы.

Не үшін: Айналым қаражаттарын толықтыру, негізгі құралдарды сатып алу немесе жаңалау, инвестициялық мақсаттарға.  

Неге назар аудару қажет: 

  • Пайыздық мөлшерлемеге.

Банктер түрлі несиелеу мөлшерлемелерін ұсынады. Кейбір банктерде, ВТБ (Қазақстан) банкіндегідей әр клиенттің жеке бабын табу қолданылады. Бұл жағдайда пайыздық мөлшерлеме түрлі критерийлерді бағалауға сүйеніп есептеледі: бизнестің қаржылай бақуаттылығы, қаражаттарды пайдалану мерзімі, тәуекел деңгейі, сондай-ақ банктің клиентпен өзара қарым-қатынасы көп рөл атқаруы мүмкін: сіз банк қызметтерінің көбін пайдаланған сайын, мөлшерлеме де төмен болуы мүмкін.

  • Өтінімдерді қарау мерзімдеріне.

Әр банк өз мерзімдерін белгілейді.

  • Кепілзатпен қамсыздандыру жүйесіне.

Кредитті кепілмен (жылжымайтын мүлік, активтер және т.б.) не болмаса кепілсіз алуға болады. Кепілзаттың болуы пайыздық мөлшерлеменің төмендеуіне көмектесуі мүмкін.

  • Қарызды қаржыландыру мен субсидиялаудың мемлекеттік бағдарламалары аясында алу мүмкіндігіне.

ШОБ секторын дамытуға бағытталған мемлекеттік бағдарламалар кәсіпкерлерге қаржыландыруды барынша тиімді шарттармен алуға жәрдемдеседі.  

  • Заңды тұлғаларға арналған интернет банкингтің бар болуына.

Қашықтан қызмет алу арналары банк клиенттеріне банк бөлімшелеріне келмей, көп операциялар жасай отырып, уақытын үнемдеуге жәрдемдеседі.

  • Банктің тұрақты клиенттеріне арналған қосымша артықшылықтардың бар болуына.

Кейбір банктерде қаржы өнімдерін және қызметтерді клиент үшін аса пайдалы шарттармен пайдалануға мүмкіндік беретін тұрақты клиенттерге арналған ниеттілік бағдарламалары болады.

Депозиттер.

Сипаттамасы: Заңды тұлғаның кредит мекемесіне салыммен қаржы операцияларын жасау барысында пайда болған пайыздар түрінде табыс алу мақсатында берілген ақшалай сомасы.

Не үшін: Қаражаттарды сақтау және қосымша табыс алу үшін.

Неге назар аудару қажет: 

  • Банктің кредиттік рейтингіне

Кредиттік рейтинг халықаралық рейтинг агенттіктері тағайындайды және банктің тұрақтылығының бірінші критерийі болып табылады. Рейтинг жоғары болған сайын, онда өз қаражаттарыңызды сақтау қауіпсіз болады. Қазіргі кезде Қазақстанда ең жоғары рейтингтердің бірін ВТБ банкі иеленіп отыр.

  • Пайыздық мөлшерлемесіне

Әлбетте, пайыздық мөлшерлеме көп болған сайын, клиент соғұрлым көп табыс алады. Бірақ мынаны ескерген жөн: егер банк нарықтағы орташадан жоғары мөлшерлеме ұсынса, бұл оның өтімділіктің тапшылығын бастан өткеріп отырғанын білдіруі, бұл тұрақтылығына қауіп төніп тұрғанын бідіруі мүмкін. Егер Сізге жинақтарыңыздың сақталуы маңыздырақ болса, мөлшерлемесі аздау, бірақ кредиттік рейтингі жоғары сенімді банкті таңдағаныңыз абзал. Егер Сізге қосымша пайда алу маңыздырақ болса, тәуекелге барып, қаражатыңызды мөлшерлемесі жоғары депозитке орналастыруыңызға болады.  

  • Заңды тұлғаларға арналған интернет банкингтің бар болуына
  • Банктің тұрақты клиенттеріне арналған қосымша артықшылықтардың бар болуына

Есеп айырысу-кассалық қызмет көрсету:

Сипаттамасы: Бизнескеқызмет көрсетуге арналған банк қызметтері кешені. ЕКҚ-ге мыналар енеді:

  • банк шоттарын ашу және қызмет көрсету
  • ақша аударымдары
  • валюта айырбастау
  • валютаны бақылау
  • кассалық операциялар

Кім үшін: кез келген ұйым үшін.

Неге назар аудару қажет: 

Кейде банктер ЕКҚ қызметтерін кешенді түрде бір топтамамен сатып алуды ұсынады, бұл ретте қызмет көрсету тарифтері арзан. Бүгінде Банк ВТБ (Қазақстан)-ның шағын және орта бизнеске арналған топтамалық тарифтері Қазақстан нарығындағы ең тиімділерінің бірі.

  • Ағымдағы шоттағы ақша қалдығына сыйақы есептеуге

Кейбір банктер заңды тұлғаның шотына онда айдың аяғында белгілі бір қалдықты сақтай отырып, сыйақы есептеуді ұсынады. Осылайша, Сіздің шотыңыз қосымша табыс әкелуі мүмкін.

Құжаттамалық операциялар.

Сипаттамасы: Сатып алушылар мен сатушылардың арасында есеп айырысулар жүргізетін банк қызметтері тобы. Құжаттамалық операциялар шарт тараптарының өзіне алған міндеттемелерін орындаудың сенімділігін қамтамасыз етеді, төлемеу немесе жеткізбеу тәуекелдерінен қорғайды. Құжаттамалық операциялардың түрлері:

  • құжаттамалық аккредитив
  • құжаттамалық инкассо
  • тендерлік кепілдіктер
  • міндеттемелерді орындау кепілдіктері
  • төлем кепілдіктері
  • кепілдіктердің басқа түрлері

Кім үшін: Кез келген бизнес үшін, бірақ көп жағдайларда мұндай операцияларды халықаралық саудамен шұғылданатын ұйымдар пайдаланады.  

Неге назар аудару қажет?

  • Банктің халықаралық сауда операцияларына қызмет көрсету тәжірибесіне

ВТБ тобында трансшекаралық мәмілелерге қызмет көрсетудің 20 жылдан астам тәжірибесі бар.

  • Тарифтерге 

Жалақы жобалары

Сипаттамасы: Банктің түрлі ұйымдарға қызметкерлерге жалақыны қолма-қол ақшасыз түрде аудару (банк карталарына) үшін көрсететін қызметі.

Кім үшін: кез келген бизнес үшін. 

Неге назар аудару қажет:

  • Банктің сенімділігіне
  • Жалақы жобасына қатысушыларға артықшылықтардың бар болуына
  • Банкоматтар желісінің ауқымына

Банктің банкоматтарының қолайлы желісі – маңызды критерийлердің бірі. Мәселен, ВТБ (Қазақстан) карталарынан меншікті банкомат желісінен, сондай-ақ серіктес банктердің банкоматтарынан қолма-қол ақшаны тегін алуға болады. Одан бөлек, ТМД-дағы ВТБ Тобының банкоматтарында қолма-қол ақша алу үй тарифімен жүзеге асырылады.

  • Интернет банкингтің бар болуына
  • Қызмет көрсету құнына

Эквайринг

Сипаттамасы: қолма-қол ақшасыз төлемдерді қабылдайтын POS-терминалды орнату.

Кім үшін: тауарлар мен қызметтерді сату нүктелері үшін. 

Неге назар аудару қажет:

  • Қаражаттарды өз ұйымыңыздың есеп шотына қайтару мерзімдеріне
  • Қызмет көрсеткені үшін банктің комиссиясы мөлшеріне
  • POS-терминалды тегін орнату және өз персоналыңызды оқыту мүмкіндігіне
  • Банк тарапынан жабдыққа сервистік қолдауға
  • Жанаспай төлеу функциясының бар болуына
Бұл материалмен бөлісіңіз

Бұл материалда пікір жоқ