Аспан асты, жер үсті 0 пікір 2495 лайк

Цифрландыру жобаларын жүзеге асырмақ

Қараша 13 / 2018

Сарыағаш қаласында «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында кездесу өтті. Жиын барысында «Түркістан» ӘКК» АҚ-ның «Цифрландыру орталығы» филиалы мен Сарыағаш ауданы әкімдігі арасында ынтымақтастық жөнінде меморандум түзілді.

«Түркістан облысындағы цифрландыру орталығының» директоры Асылбек Жангуловтың айтуынша, мұндай құжаттар тың жобаларды жүзеге асыруда жаңа мүмкіндіктер береді.

«Облыста сандық форматқа көшу бойынша қарқынды жұмыстар жүргізіліп жатыр. Мәселен, қазіргі күні денсаулық сақтау, білім беру, қауіпсіздік, транспорт және тұрғын үй-коммуналды шаруашылығы сияқты бес салада 27 жоба жүзеге асырылуда. Біздің филиалдың бір ай бұрын ашылғанына байланысты, әзірге, аталған құжаттарды түзуге келісім берген алғашқы аудан Сарыағаш болып отыр. Алдағы уақытта мұндай келісімдер Түркістандағы барлық аудан, қалалардың әкімдігімен жасалып, жұмыстарды бірлесе атқарамыз деп ойлаймын» деді Асылбек Жангулов.

Өз кезегінде, Сарыағаш қаласының әкімі Сәуле Сүлейменова «Түркістан» ӘКК» «Цифрландыру орталығының» өкілдеріне алғысын білдірді.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Бұл материалмен бөлісіңіз

Бұл материалда пікір жоқ