Аспан асты, жер үсті 0 пікір 2494 лайк

«Ulys» журналы таныстырылды

Қараша 13 / 2018

 

Әбдірахман ҚЫДЫРБЕК, «Оңтүстік Қазақстан».

Өңірлік коммуникациялар қызметінде ақпарат кеңістігіндегі тұңғыш цифрлық «Ulys» журналының таныстырылымы өтті. Аталған шараға Президент жанындағы мемлекеттік басқару академиясы Түркістан облысы бойынша филиалының директоры, философия ғылымдарының кандидаты Жанат Момынқұлов, еліміздегі алғашқы электронды «Ulys» журналының бас редакторы Ержан Қалымбайұлы, журналдың техникалық директоры Болат Әскер және студенттер қатысты.

 

Басқосуда журналдың бас редакторы Ержан Қалымбайұлы әуелі түркістандықтарды шаһардың облыс орталығы атануымен құттықтап, бұл журналдың қазақ медиа тарихында үлкен жаңалық екенін жеткізді. «Бүгінде журналдың 3 саны жарық көрді. Әр санында түрлі тақырыптарды қамтыған 20 мақала жарияланады. Ол мақалаларды Стратегиялық зерттеулер институтының мамандары жазады. Яғни қандай да бір мақала өз саласының білгірлері көзімен оқырманға жол тартады» деді Е.Қалымбайұлы. Сондай-ақ, ол журналды болашақта халықаралық деңгейге көтеруді жоспарлап отырғандарын да назардан тыс қалдырмады.

 Жиын барысында медиа саласындағы цифрлық технологияның дамуы мен бүгінгі жетістігі жайында да ойлар ортаға салынды. Сонымен қатар шараға қатысушылар цифрландыру мәселелері бойынша бірқатар сұрақтарына жауап алды.

Түркістан қаласы.

Бұл материалмен бөлісіңіз

Бұл материалда пікір жоқ