Заң-заман 0 пікір 2484 лайк

10 АЙДА – 6,5 ТОННА ЕСІРТКІ

Қараша 12 / 2018

Түркістан полиция департаментінің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес және есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармалары тарапынан жүргізілген жедел-іздестіру іс-шарасы кезінде бұрын сотты болған, жасы 30-35 шамасындағы түркістандық тұрғын ұсталды. Жеделізкесушілер одан оқ дәрілерімен тапанша тәркілеп алды. Оның үйін тінту барысында оқ-дәрілері бар аңшылық қаруы мен 20 килограмм марихуана табылды.

 

Аталған жайт Түркістан ҚІІБ СДТБТ-не тіркеліп, ҚР ҚК-нің 296-бабы (есірткі құралдарын заңсыз тасымалдау, сақтау және өткізу) және 287-бабы (қару, оқ-дәрілерді заңсыз тасымалдау, сақтау және өткізу) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Тергеушілер күдіктінің есірткі сатумен айналысуы мүмкіндігін жоққа шығармайды.

Айта кетейік, түркістандық полицейлер 2018 жылдың он айында есірткіге қатысты 333 қылмыс анықтап, 6,5 тонна есірткі тәркілеген. 50-ден астам есірткі сатушы қылмыстық жауапкершілікке тартылып, заңсыз қару сақтағаны үшін 1000-нан астам азаматқа учаскелік инспекторлар әкімшілік хаттамалар толтырған.

Бұл материалмен бөлісіңіз

Бұл материалда пікір жоқ