Күн электр стансасы салынады

Қараша 10 / 2018

 

Түркістан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев «KK-KІUNSEN» компаниясының директоры Джон Енг Сун бастап келген делегациямен кездесті. Басқосуда тараптар өңірімізде инвестициялық жобаларды жүзеге асыру жайын ақылдасты.

 

Өңір басшысы кездесуде облыстың экономикалық әлеуетін таныстырып, бірлесіп инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға дайын екендіктерін жеткізді.

«Оңтүстік Кореяны жаңа технология, ауыл шаруашылығы, өндіріс салалары дамыған ел ретінде білеміз. Болашақта аталған салаларда байланыс орнатып, екі ел арасындағы достық қарым-қатынасты нығайта береміз деген сенім бар. Түркістан облысы – кәсіпорындар ашып, кәсіпкерлік саласын дамытуға өте қолайлы аймақ. Сондай-ақ, өңірімізде жаңа жобалар құрып, жұмыс істеуге ниетті инвесторларға түрлі жеңілдіктер мен мүмкіндіктер қарастырылған» деді Жансейіт Қансейітұлы.

Кездесу барысында қонақтар Бәйдібек ауданынан жалпы құны 7,4 млрд. теңгені құрайтын күн электр стансасын салу туралы ұсынысын білдірді. Жамбыл ауылында бой көтеретін стансаның жалпы аумағы 1200 гектарды құрайды. Жоба жүзеге асырылса, 10 Мвт. электр энергиясы өндірілетін болады. Сондай-ақ, 50 адам жұмыспен қамтылады.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Бұл материалмен бөлісіңіз

Бұл материалда пікір жоқ