Кезектен тыс сессия өтті

Қараша 10 / 2018

 

Түркістан қаласында алтыншы шақырылымдағы Түркістан облыстық мәслихатының кезектен тыс ХХХІ сессиясы өтті. Нұржан Әшіров төрағалық еткен сессияның күн тәртібіне алты мәселе қойылды.

 

Сессияда Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2017 жылғы 11 желтоқсандағы №18/209-VІ «2018-2020 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу, Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2017 жылғы 30 наурыздағы №11/111-VІ «Жергілікті мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының тізбесін бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу, Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2017 жылғы 24 тамыздағы №14/172-VІ «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерді қабылдау туралы» шешіміне толықтыру енгізу, Түркістан облысының әлеуметтік мәні бар ауданаралық (облысішілік қалааралық) жолаушылар теміржол қатынастарының тізбесін бекіту, Түркістан облысы бойынша тексеру комиссиясының мүшелерін лауазымынан босату туралы, Түркістан облысы бойынша тексеру комиссиясының мүшелерін тағайындау туралы мәселелер жан-жақты талқыланды.

Аталған мәселелерді қарау нәтижесі бойынша облыстық мәслихат депутаттары тиісті шешімдер қабылдады.

Сессияны қорытындылаған өңір басшысы Жансейіт Түймебаев жиынға қатысушыларды облыс көлемінде жүзеге асатын жұмыстармен таныстырып өтті. Сондай-ақ, Түркістан қаласын Түркі әлемінің рухани орталығы ету жөніндегі Елбасы тапсырмасына орай облыс орталығын дамыту мақсатында атқарылатын істерді атап өтіп, көпшілікті бұл бағыттағы жүзеге асуы тиіс жұмыстарды бірге атқаруға шақырды.

Қ.Қуанышбекұлы.

Бұл материалмен бөлісіңіз

Бұл материалда пікір жоқ