Аспан асты, жер үсті 0 пікір 0 лайк

Ақпараттық қоғам – ұлт келешегі

Қараша 10 / 2018

 

Жуырда М.Әуезов атындағы ОҚМУ-дың «Ақпараттық коммуникациялық технологиялар» кафедрасының ұйымдастыруымен «Рухани жаңғыруда ақпараттық қоғамның дамуы» атты іс- шара өткізілді. Мұндағы негізгі мақсат – жастарды рухани дүниесі бай, ұлтжанды азамат етіп тәрбиелеуге үлес қосу. Іс-шараға «АТ және Э» жоғары мектебінің кафедра меңгерушілері мен оқытушылары қатысты. Тақырыпқа байланысты баяндама оқылып, патриоттық әндер шырқалды. Сондай-ақ, заман талабына сай ақпараттық коғамның дамуы жоғарылап жатқаны айтылып, студент жастар өз ойларын ортаға салды. Cтудент Перизат Омар өзінің жүрегінен шыққан өлеңдерін оқыды.

 

Иә, ХХІ ғасыр ақпарат ғасыры болғандықтан адамзатқа компьютерлік сауаттылық өте қажет екені белгілі. Елбасымыз Н.Назарбаев өз Жолдауында «Қазіргі заманғы жастарға ақпараттық жаңа білім беру өте қажет» деп атап көрсеткендей, жас ұрпаққа білім беру жолында ақпараттық технологияны оқу процесінде қолданудың маңызы зор.

Г.ЖҮСІПБЕКОВА, М.Әуезов атындағы ОҚМУ-дың Ақпараттық коммуникациялық технологиялар кафедрасының меңгерушісі.

Бұл материалмен бөлісіңіз

Бұл материалда пікір жоқ