Заң-заман 0 пікір 0 лайк

Біткен істе былық бар...

Қараша 10 / 2018

 

Мекемелердің жұмысына аудиттік тексеру жүргізу мемлекет қаржысын талан-таражға ұшыраудан сақтайды. Ал, мемлекет қаржысына бақылау орнату – баршамыздың парызымыз.

 

Шымкент қаласының әкімшілік-іскерлік орталығында орналасқан 1200 орынды мектептің құрылысына қажетті 399,2 мың теңгенің жұмыстары орындалмаған. Дәл осындай жағдай Шымкенттің Солтүстік-Батыс бөлігіне жүргізілген инженерлік инфрақұрылым жұмыстарында да орын алған. Нысанды газ және электр жүйелерімен қамтамасыз ету үшін ТМ-250/6(10)/0,4 250 кВа трансформаторы қойылғанымен, құны 5707,2 мың теңге тұратын бұл трансформатордың ішіндегі құрал-жабдықтардың орнатылмағаны анықталды. Яғни ҚР Қаржы министрінің 2014 жылғы №540 бұйрығында көрсетілген «мемлекеттік мекеменің жасалған азаматтық құқықтық мәмілелерге сәйкес тауарлардың берілуін, орындалған жұмыстарды және көрсетілген қызметтерді растаудың дұрыстығын қамтамасыз етеді» деген талаптары сақталмаған. Бұл деректер аудиттік тексеру кезінде белгілі болды.

Сонымен қатар, Шымкент қаласының Солтүстік-Батыс бөлігін жылу, су, кәріз желілерімен және байланыс жүйелерімен жабдықтау жұмыстарына техникалық қадағалау жүргізетін жеңімпаз анықталмағандықтан, құрылыс басталмаған. Осының салдарынан 35530,0 мың теңге қаржы игерілмеген.

Алмаш ҚОНТАЕВА, Түркістан облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментінің бас маман-мемлекеттік аудиторы.

Бұл материалмен бөлісіңіз

Бұл материалда пікір жоқ