Заң-заман 0 пікір 2461 лайк

СОЗАҚТА ПРОБАЦИЯ ҮЙІ АШЫЛДЫ

Қараша 08 / 2018

Жаңа орталық Президенттің «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының 33-ші қадамын жүзеге асыру мақсатында және Бас прокуратураның «Ресоциализация: Сен қоғамға керексің!» жобасы шеңберінде ашылып отыр.

 

Орталықтың негізгі міндеті - бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған және пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарға әлеуметтік-құқықтық, медициналық және заң тұрғысында көмек көрсету, жұмысқа орналастыру, құжаттандыру, зейнетақы және жәрдемақыларды рәсімдеуге көмектесу. Аталған іс-шараларды орталықтандыру, қызмет атқару тәртібі мен реттілігін «бір терезе» қағидасы бойынша жеңілдету, облыстағы пробация қызметі есебінде тұрғандарды бақылау да орталықтың негізгі міндеттерінің бірі. Жоба аясында аудан әкімшілігі, прокуратура және ішкі істер органымен бірлесіп іс-шаралар жоспары бекітіліп, өзара әріптестік қарым-қатынасты одан әрі дамыту жөнінде ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды.

Бүгінде бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған және пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарға әлеуметтік-құқықтық және өзге де көмектерді көрсету үшін тұрақты топ құрылған. Олар пробациялық есепте тұрған 6 адамға - психологиялық, 12 адамға - құқықтық, оның ішінде 8-іне жергілікті атқарушы орган тарапынан бөлінген квота негізінде жұмысқа орналасу үшін құжат дайындауға көмек көрсетті.

Түркістан облысының прокуратурасы.

Бұл материалмен бөлісіңіз

Бұл материалда пікір жоқ